Брифинг

10 желтоқсанда Астанада қазақстандықтар «Қазақстан Аруы-2016» таңдайды

24 қараша 2016

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан аруы-2016» ұлттық сұлулық конкурсы жайлы сөз болды.

Конкурсты ұйымдастырушылар РеспубликаТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы жоба – Ұлы даланың аңыз-әйелдері туралы әңгімелер циклы жасала бастағанын айтып өтті.

«Бұл ерекше жобаның мақсаты тарихқа еніп, ел жүрегінде мәңгіге қалған ұлы аналарымыздың істері мен ерліктерін естен шығармау.Биылғы жылы, Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен арулар конкурсының қатысушылары мәңгілік құндылықтарды қалай түсінетіндіктері туралы өз ойларымен бөліседі», - дейді «Қазақстан аруы» ұлттық конкурсының директорыАлена Ривлина-Қырбасова.

Оның айтуынша, қыздар ұлы әйелдердің тағдырлары, олардың өмірбаяндары мен өмірлік ұстанымдары жайлы айтады. Жоба қазақша этно-инсталляциялармен түсіріліп, онда ұлттық қолөнердің айырықша үлгілері, мәдени мұралар, ұлттық киімдер көрсетіледі.

«Қазақстан аруы-2016» конкурсының барлық қатысушылары 20 қарашада Астанадажиналып, конкурсқа дайындықты бастайды. Өңірлердегі жеңімпаздар дәстүрлі «Сұлулық – мейірімділікте!» акциясы аясында еліміздің жастарына үлгі беру мақсатында өз қалаларының әлеуметтік, қайырымдылық, спорттық шараларына қатысатын болады», - деп жалғады сөзін Алена Ривлина-Қырбасова.

Биылғы жылы конкурстың өткізіле бастағанына 20 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай, «Қазақстан аруы» конкурсының барлық кезеңдердегі ең әлеуметтік белсенді қатысушылары бейнеленген таныстырылымдық күнтізбені шығару жоспарлануда.

«Қазақстан аруы-2016» мерейтойлық конкурсы жеңімпазының аты 10 желтоқсанда Бейбітшілік және Келісім сарайында белгілі болады. Өткізілетін конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, ұлттық әділқазылар финалға шығатын бес қызды ғана іріктеп алады, ал елдің бірінші аруын қазақстандықтар өздері онлайн- SMS дауыс беру арқылы таңдайды. Осылайша, «Қазақстан аруын» еліміздің халқы өзі таңдап алатын болады.

«Қазақстан аруы2015» ӘлияМергенбаева 18 желтоқсанда Вашингтонда өтетін, жер шарының барлық сұлулары жиналатын жыл сайынғы«Әлем аруы» конкурсының 65 рәсімінде Қазақстан Республикасының атынан шығады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат