Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

100 нақты қадам

14 қараша 2016
Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының 100 нақты қадам Ұлт Жоспарының 59-қадамы:«Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
31 тамыз 2016
Үстіміздегі жылғы сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес, бұл ұйым Канада мен Австралиядағы қызмет көрсету орталықтарының үлгісі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтің бірыңғай провайдері болуы тиіс.
10 тамыз 2016
Салық және кеден жүйесін біріктіру мемлекеттік кірістерді бірыңғай басқару проблемасын шешудің бастауы болмақ. Бұл туралы ОКҚ-да болған баспасөз конференцияда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ДәулетЕрғожин мәлімдеді.
18 маусым 2016
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлының қатысуымен брифинг өтті.
31 мамыр 2016
Қазақстан саясаты үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сенім мен құрмет атмосферасын құру, бірыңғай ұлт қалыптастыру - тәуелсіздікті нығайту негізі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде Елбасы кітапханасында ұйымдастырылған «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлік сабақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Орталық Азия аймағындағы Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова айтты.Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің негізгі кезеңдері мен перспективалары туралы сөз еткен ол: «Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – этносаясат.Қазақстанның полиэтникалық және поликонфессиялық саясаты үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау,сенім мен құрмет атмосферасын құру, бірыңғай ұлт қалыптастыру тәуелсіздікті нығайтудың іргелі негізі болып табылады», - деп атап өтті.Қоғамдық қарым-қатынастарда қазақстандық бірегейлік жүйесін нығайтуда, қоғамдық саясат пен мемлекеттік басқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атап өткен Айгүл Сәдуақасова оның еліміздің ұлттық құрылыс тетігін қатайтуда қоғамдық-саяси алаң ретінде қарқынды жұмыс атқаруда екенін айтты.
27 мамыр 2016
Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру арқылы отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-ші қадамын іске асыру мақсатында қабылданған «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң ауыртпалығы төмен және әлдеқайда тиімді бақылау нысанын енгізуге, мемлекеттік реттеудің келеңсіз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті департамент директоры.
27 мамыр 2016
Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде өткен брифинг барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының НҚА жобалары сараптамасын үйлестіру департаментінің және ҚР Үкіметі мен Парламентіндегі өкілдігінің сарапшысы Айжан Бижанова айтты.Еске салайық, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына тапсыру арқылы азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді ескеретін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-қадамын іске асыру мақсатында «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң қабылданған.«Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институты енгізіліп жатыр. Заң кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, адал кәсіпкерлер ұйымның жозықсыз мүшелерін мүшеліктен алып тастауға мүдделі болады, бұл өз кезегінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің жағдайына оң әсер етеді», - деді спикер.Айта кетейік, Заңның 23-бабына сәйкес барлық реттеу органдары 2017 жылғы мамырға дейін кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігімен қолданыстағы коммерциялық емес ұйымдар базасында міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдарын құруға бағытталған шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс.
12 мамыр 2016
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмилә Елеуқызының қатысуымен ҰБТ-ға дайындық барысы жайында брифинг өтті. Брифинг барысында ҰБТ-ға байланысты жұмыстардың жан-жақты және жүйелі дайындық жұмыстарының жыл бойы жүргізілгендігін атап айтты.Жәмилә Бекбатырованың айтуынша, 2015-2016 оқу жылында облыстағы 316 жалпы білім беретін орта мектептерді 8561 оқушы бітіргелі отыр (оның ішінде 309-ы күндізгі, 4-і кешкі мектептер, 1-і спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, 1-і «Азия» жекеменшік мектебі, 1-і «Болашақ» арнайы түзету мектеп-интернаты). Оның ішінде 7985 оқушы күндізгі мектепті, 571 оқушы кешкі мектепті бітірсе, оның 3077–і қала мектептерін, 5484-і ауыл мектептерін бітіреді. Бітірушілердің 6291-і қазақ тілінде, 2245-і орыс тілінде, 25-і өзбек тілінде оқығандар).
12 мамыр 2016
Жамбыл облысы бойынша 220 түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқарамасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмилә Елеуқызы мәлімдеді.«44 мектеп бітіруші Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына 24.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларының женімпаздары ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады. 220 оқушы – «Алтын белгіге», 84 оқушы – үздік аттестатқа үміткер. 64 мектеп бітіруші – мемлекеттік грант иегерлері. 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады, – деді Ж. Бекбатырова. – Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдасқан түрде өткізу үшін олардың тамақтануына, тасымалдауына және жатын орнына 16 млн. 990 мың теңге бөлінген. ҰБТ тапсыратын 6065 мектеп бітірушінің 3295-і (54,32%) тасымалдауды қажет етеді. Барлық ҰБТ өткізу пункттері бейнебақылау камералары, ұялы телефон дабылын тұншықтырғыш, металіздегіш және видеотіркегіш құралдармен қамтамасыз етілген».Сарапшының айтыуынша, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың қараша мен 2016 жылдың наурыз айларында 10,11 сынып оқушылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 18493 оқушы қатысты. Тест нәтижесі бойынша оқушылардың таңдау басымдығы – биология, физика, география, ағылшын тілі пәндеріне берілгендігі анықталып, ҰБТ көрсеткішінің өсуі – осы пәндерді сапалы оқытуға қатысты екендігіне, техникалық қателіктерге жеткілікті мән беру жөнінде ұсыныс берілді.«Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерге арналған психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді», – деп қорытындылады Ж. Бекбатырова.
05 мамыр 2016
Қазақстанда қаржылық есеп аудиті 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы ОКҚ-інің алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т. Яковлева айтты.«Қазақстанда «Мемлекеттік статистика туралы» Заң жүзеге асырылып келе жатқан 3-4 ай ішінде бюджет қаражатын үнемдеу мен тиімді басқаруға байланысты оң нәтижелерге қол жеткізілді», - деді ол.Депутаттың айтуынша, қол жеткізілген жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды, себебі көзделген барлық жоспарларға қол жеткізілген жоқ.Жұмыстар бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Олардың ішінде мемлекеттік аудит және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесін кіріктіру, аудиторларды оқыту және сертификаттау, сонымен қатар мемлекет қаражатын тиімді пайдалануға мемлекеттік аудитті енгізу бар.
« Алдыңғы
1 2 ... 5
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ