Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

16 желтоқсанда ҚАЗГҚ Антарктиданың ең биік нүктесіне қазақстанның туын тігеді

30 қараша 2016
Фото: Арман Мухатов

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Қазақ Географиялық қоғамы Антарктидада «Тәуелсіздік полюсы» атты ғылыми-зерттеу экспедициясын жүргізеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚазГҚ президиумының төрағасы Төлеген Тастанбеков мәлімдеді.

«Желтоқсанның басында біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнапоңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедицияны аттандырамыз. Экспедиция құрамына қазақстандық жас ғалымдар мен спортшылар кіретін болады», - деді ТөлегенТастанбеков.

Экспедиция 1 желтоқсанда - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні жолға шығады.

«16 желтоқсанда – біздің отанымыз тәуелсіздігінің мерейтойы күні Антарктиданың ең биік нүктесі– теңіз деңгейінен 4892 метр жоғарыда жатқан Винсон шыңының төбесіне Қазақстанның мемлекеттік туы тігілетін болады», - деп атап өтті Т. Тастанбеков.

«Оңтүстік полюс» экспедициясы Қазақстан халқы ассамблеясының атынан ұйымдастырылып отыр. Оны ұйымдастырушы - «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ (ҚазГҚ).

Айта кету керек, Винсон алабы оңтүстік полюстан 1200 шақырым жерде орналасқан, әрі «7 summits» альпинистік бағдарламаның құрамына кіреді.Экспедицияға қатысушылар жер шарының оңтүстік полюсына жету үшін екі жүз шақырымдай жерді шаңғымен жүріп өтулері қажет.

Баспасөз мәслихатында «Оңтүстік полюс» экспедициясының құрамы да жарияланды. Оған QazaqGeography-тің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдігінің жетекшісі Мағжан Сағымбаев (топ жетекшісі), альпинистер Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамедов және Дәулет Шәріпов қатысады.

Сондай-ақ, Антарктидаға Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-і мен Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ғылыми қызметкерлері де қатысып, экология, биология және адам физиологиясы бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер Антарктиданың экожүйесіндегі органикалық пестицидтердің құрамын; микроағзалардың айырықша тосын жағайларға бейімделген әртекті түрлерін; климаттық факторлардың адамның Антарктиданың айырықша тосын ортасындағы денсаулығы мен психикалық-эмоционалдық жай-күйіне әсерін анықтауға бағытталған.

Экспедиция қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан Антарктидада автоматтандырылған ғылыми станса орнату туралы ұсыныс жасау жоспарланған.

Естеріңізде болса, «Тәуелсіздік полюсы» - бұл ҚазГҚ-ның в Антарктикаға жасайтын екінші экспедициясы болмақ. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнапбірінші қазақстандық автокөлік экспедициясы ұйымдастырылған болатын. Осының арқасында ҚазГҚ-ы Қазақстанның халықаралық антарктикалық клубына кіруіне жағдай жасаған. Экспедиция қорытындысы мен мемлекеттік органдармен бірлесе жасаған жұмыстардың нәтижесінде, 2014 жылдың қарашасында Президент Қазақстанды 1959 жылы жасалған Антарктика шартына қосу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ