Брифинг

17 наурызда «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі

13 наурыз 2017

17 наурызда «Қазмедиа Орталығында» «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті апталық шолу брифингінде ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Өздеріңізге белгілі, 7 наурызда аталған ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысушылар үшін өтініштерді қабылдау аяқталған болатын.

Жобаның негізгі мақсаты- журналистер қауымын шығармашылық ізденіске ынталандырып, осы саланың дамуына серпін беру.

«Қазіргі таңда 12 номинация бойынша еліміздің барлық өңірлерінен 214 байқау жұмыстары келіп түсті. Байқау жұмыстарын құрамында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова, ҚР Президентінің «Телерадиокешені» АҚ Бас директоры Ерлана Бекхожин, қоғам қайраткері, тележүргізуші, әртіс Аружан Саин, Қазақстан баспасөз клубының Президенті Әсел Қараулова, сондай-ақ, танымал журналист Иманғали Нұртілеу және тағы басқа тұлғалар бар қазылар алқасы бағалайтын болады»,-деді Мұрат Жұманбай.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат