Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

2016 жылдың қараша айында ТЖК құтқарушылары 837 адамды эвакуациялады

24 қараша 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қысқы мерзімде төтенше жағдайларды алдын алуға арналған дайындық туралы айтып берді.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан аумағында 2016-2017 жылы қыстың алғашқы кезеңдері көптеген төтенше жағдайларға себеп болған қардың қалың түсуімен, аномальды төменгі температурамен, борандармен және бұрқасынмен ерекшеленді.

«Тек қазан-қараша айында ғана «Казгидромет» ел өңірлерінде ауа райының күрт бұзылуы туралы 45 рет дауылдық ескерту жасады», - деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, қар алып қалған телімдердің жалпы ұзындығы 3399,82 км болса, 42008,6 км. қардан қорғау қалқаншалары орнатылды. Автожолдарда 572 жылыну пунктері ашылды.

Спикердің айтуынша, ауа райының бұзылуына байланысты Астана, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары қалаларында дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысы 38 рет жабылған.

«Ауа райының қолайсыздығы кезінде шұғыл әрекет жасау үшін және төтенше жағдайларға жол бермес үшін құрамында 120 мың адам және 22 мың бірлік техника бар 9 849 азаматтық қорғаныс құрылымдары даярлыққа келтірілді», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Сонымен бірге, жапа шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және тасымалдау үшін кезекшілік режимінде «Казавиаспас»АҚ тікұшақтары бар, ТЖК-ның 40 трассалық медициналық құтқару пунктері жасақталған. 29 мұз қатқан автомобиль асулары, 59 жаяу жүргіншілер өткелдері және 800-ден астам балықты мұз астынан аулау орындары анықталды, оларға асудан өткенде қажетті қауіпсіздік шаралары көрсетілген 2 860 ескерту белгілері, көрнекіліктер ілінген, 109 арнайы қалқандар орнатылған.

«Биылғы жылдың қараша айында ғана ТЖК құтқарушылары 837 адамды құтқарды және эвакуациялады, оның ішінде 54 бала бар, қар көшкінінен 34

дана автомобиль техникасы аршылып алынды. Сонымен бірще, 1 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін ТЖК құтқарушылары ел акваториясында мұздай суда қалған 10 адам құтқарылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан су қоймаларында 4 адам батып кетті, олардың екеуі балық аулау кезінде», - деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ спикер бірқатар тәуліктің қараңғы кезінде және көрімділік нашар кезде мұздың үстіне шықпау, жұқа және қатпаған мұз үстіне шықпау, мұздың жекелеген теліміне топтанып жиналмау, мұз үстіндегі су шайған, жарықшақ түскен және ойылған жерлерге жақындамау, автомобильмен өткелден өтпеу, мұз астынан балық аулаушылар балықты тек жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жүзеге асыру, шектеулі ауданда екі ойықтан артық оймау және от жақпау, өткел орындарында ау құрмау және балық аулайтын ойық оймау мен ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар метеожағдай нашарлаған кезде алыс жерлерге жаяу барудан сақтануы туралы ұсыныстар айтты.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ