Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

2017 жыл жаңа демографиялық белгіні көрсетеді

9 қаңтар 2017
Фото: Арман Мухатов

Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңшасында Орталық Азияда 2017 жылы болатын, Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін өзекті мәнге ие барынша маңызды он оқиғаға шолу жасады.

«2017 жыл Орталық Азиядағы демографиялық жағдай үшін өзгеріске толы кезең болмақ. Егер 1991 жылы өңірде 51 млн адам өмір сүрсе, өткен 25 жыл ішінде халық саны 34,4% өсіп, 2016 жылдың басында 68,6 млн адамды құрады. Соңғы 5 жыл ішінде өсу қарқыны 1,2%-тен 1,7% дейін артты», - деді Ерлан Қарин.

Спикердің айтуынша, аталған жағымды динамиканың сақталуы 2017 жылдың өзінде 70 млн адам санынан асуға, немесе, ең аз дегенде, осы шекке жетуге мүмкіндік береді. Халық санының өсуі өлім-жітімнің азаюымен, халықтың орташа өмір сүру жасының өсуімен және өңірдегі туудың артуымен бекітілуде.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ