Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

2017 жыл ҚР дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орайластырылмақшы

27 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Келесі жылы еліміз әлемнің көптеген мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуын атап өтеді. Бұл туралы «Қазақстанның сыртқы саясатының 2016 жылдағы негізгі қорытындылары мен 2017 жылдың басым бағыттары» атты баспасөз-конференциясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов мәлім етті.

«2017 жыл Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орайластырылмақшы. Осы дата аясында біз көптеген іс-шаралар жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Сонымен қатар 2017 жылы тұңғыш қазақ кәсіби дипломаты, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойы мен белгілі дипломат, Мали республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Фазыловтің 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін болады.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ