Брифинг

23-25 қыркүйекте Астана қаласында Жамбыл облысы күндері өтеді

23 қыркүйек 2016

Астанада аймақтар күндері жалғасуда. 23-25 қыркүйекте Астана тұрғындары мен қонақтары Жамбыл облысының жетістіктерімен таныса алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.

Спикердің айтуы бойынша 25 жыл ішінде облыс экономикасында елеулі өсу болған.

«Жалпы аймақтық өнім 1014,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Соңғы 15 жыл аралығында өнеркәсіптік өнім өндірісі 283,9 млрд. теңгені құрады. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде бес мың жаңа жұмыс орыны құрылып, 43 өнеркәсіп объектісі пайдалануға берілді»,- деді Е.Манжуов

Бюджеттің қарқынды өсуі әлеуметтік саланың дамуына да өз ықпалын тигізуде.

«Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана салу» аясында 6 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде елімізде аналогы жоқ облыстық қан орталығы да бар. Сонымен қатар, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында жоспарланған 1,8 млрд. теңгеге 25 денсаулық нысаны тұрғызылып, пайдалануға беріліп отыр. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру да жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы - 40 млрд. теңгеге жетті», - деді Ерқанат Манжуов.

Жалпы тәуелсіздік жылдарында аймақта 102 білім объектілері: 25 балабақша, 76 мектеп және бір колледж салынып, пайдалануға берілген.

Сондай ақ, Жамбыл жұртшылығы «Хан Шатыр» ойын сауық орталығы алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізеді. Онда 314,1 тоннадан астам өнім ұсынылады. Сонымен қатар, «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында жамбылдық кәсіпкерлер өз өнімдерінің көрмесін өткізеді. Шара соңында облыс өнерпаздарының концерттік қойылымы көрсетілетін болады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат