Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

29 тамызда Астанада «Ядролық қарусыз әлемді құру» конференциясы өтеді

25 тамыз 2016
29 тамызда Астанада «Ядролық қарусыз әлемді құру» конференциясы өтеді

Бірнеше күннен кейін, 29 тамызда, Астанада «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясы болады.

Ол Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы күні өткізілетін ірі халықаралық шара ретінде әлемдік қауымдастыққа ядролық қарудың шынайы қаупі туралы ескертудің тағы бір маңызды қадамы болмақ.

Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР Парламенті Сенаты, ҚР СІМ және «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін» халықаралық үкіметтік емес ұйымы.

«Бүгінде 50-ден астам елдің 200-ден аса өкілі өздерінің шараға қатысатындығын растап отыр. Оның ішіндежаппай қырып-жою қаруларына қарсы күрес саласында әрекет ететін 31 парламентарий, 11 үкімет өкілдері, 7 халықаралық ұйым, 85 ҮЕҰ өкілдері бар», - деді ОКҚ-ғы баспасөз конференциясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Конференция аясында «Ядролық қарусыз қауіпсіздік немесе соғыс: «Әлем. XXI ғасыр» манифесі», «Ядролық сынақтарға тыйым салу және ядролық қарусыздануға қол жеткізудегі БҰҰ рөлі», «Ұлттық деңгейде ядролық қаруға тыйым салу және ядролық қарудан азат аймақтар. Тұрақты бейбітшіліктің географиясы», «Бастамалар мен кампаниялар – заң шығарушылар, дін көшбасшылары және азаматтық қоғам» тақырыптары бойынша төрт панельдік сессия өтетін болады.

Шара аясында ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазАтомПром» және «АТОМ жобасымен» ұлттық компаниялары ұсынған тақырыптық көрмелер өтеді.

«Биыл ядролық қаруларға қарсы іс-қимыл күнін атап өте отырып, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың назарын тағы да ядролық қарудан азат әлемді құру ісінде барынша батыл қадамдар жасауға назараударуды көздеп отыр. Бұл конференция осы процеске қосылған үлкен үлес болады деп сенеміз», - деп атап өтті ҚР СІМ өкілі.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ