Брифинг

9-11 қыркүйек күндері Астанада Алматы облысының күндері өтеді

9 қыркүйек 2016

Астанада өңірлер күндері жалғасуда, 9-11 қыркүйекте елорданың тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының жетістіктерімен таныса алады.

ОКҚ болған баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әкімдіктің атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес облыста аграрлық кешенді дамытуға үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, қызылша және жүгері өсіруге үлкен қолдау көрсетілуде. Егер өткен жылы 4020 га қызылша егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6500 га жетті», - деді әкімнің орынбасары.

Инвесторлардың арқасында былтыр оған дейін тоқтап тұрған Көксу қант зауыты қайта іске қосылды, Ақсуда да осындай кәсіпорынды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, биылғы жеті ай ішінде облыс ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 176,4 млрд. теңгеге жетті, ал физикалық көлем индексі 102,7% құрады.

«Инвестиция тарту, туризмді, мектепке дейінгі білім берудегі, сондай-ақ тұрғын үй және әлеуметтік саланың басқы да құрылыстарын салуға қатысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жөніндегі жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Индустриаландыру бағыты қолға алынды. Бұл салада Панфилов ауданындағы Құрылық порты айырықша орын алады», - деді Бахтияр Өнербаев.

Алматы облысы күндері аясында астаналықтар өңірдің ерекшеліктерімен, өлке тарихымен жақынырақ танысып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп мен кәсіпкерліктің жай-күйі туралы толығырақ біле алады.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат