Брифинг

А. Сәдуақасова: Қазақстан үшін бірыңғай ұлт қалыптастыру - тәуелсіздікті нығайтудың іргелі негізі

31 мамыр 2016

Қазақстан саясаты үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сенім мен құрмет атмосферасын құру, бірыңғай ұлт қалыптастыру - тәуелсіздікті нығайту негізі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-інде Елбасы кітапханасында ұйымдастырылған «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлік сабақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Орталық Азия аймағындағы Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова айтты.

Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің негізгі кезеңдері мен перспективалары туралы сөз еткен ол: «Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – этносаясат.Қазақстанның полиэтникалық және поликонфессиялық саясаты үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау,сенім мен құрмет атмосферасын құру, бірыңғай ұлт қалыптастыру тәуелсіздікті нығайтудың іргелі негізі болып табылады», - деп атап өтті.

Қоғамдық қарым-қатынастарда қазақстандық бірегейлік жүйесін нығайтуда, қоғамдық саясат пен мемлекеттік басқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атап өткен Айгүл Сәдуақасова оның еліміздің ұлттық құрылыс тетігін қатайтуда қоғамдық-саяси алаң ретінде қарқынды жұмыс атқаруда екенін айтты.

«Адамдардың этникалық немесе өзге де тегіне қарамастан азаматтың құқықтарын алға қою, тұтастықтың саяси құрылғылары Ассамблеясының базалық жұмысына айналды. Бүгінгі күні Ассамблеяның негізгі міндеті - Қазақстан халқының ұлт ретіндегі болашағын қалыптастыруда Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру. Ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» бағытында маңызды рөл атқарады», - деді А.Сәдуақасова.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат