Брифинг

Амнистия әлеуметтік осал азаматтарға қатысты болмақ

20 желтоқсан 2016

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы 13 желтоқсанда қол қойған Қазақстан Республикасының «Жиырма бес жылдыққа байланысты амнистия туралы» заңы бойынша рақымшылық жасауға жататын тұлғалар және рақымшылық қолданылмайтын субъектілер айқындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ хабарлады.

«Жазаның өтелмеген уақыты айыппұлға немесе бостандығын шектеуге болмаса қысқартуға ауыстырылады», - деп нақтылады Нұрлан Дулатбеков.

Оның айтуынша, заңға сәйкес, амнистия азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қатысты болмақ. Атап айтқанда: кәмелетке толмаған, аяғы ауыр әйелдерге, кәмелетке толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды жалғыз бағып отырған ер адамдарға қолданылады. «Заң I, II және III топтағы мүгедектерге, 50 жастағы және одан үлкен әйелдерге, 60 жастағы және одан үлкен еркектерге де қатысты. Мейірімділік актісі ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына және оған теңестіріліген тұлғаларға, әскери және интернационалдық борышын өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ күйеулері соғыс мүгедегі немесе соларға теңестірілген тұлға болып табылатын әйелдерге де қатысты», - деді Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат