Брифинг

Ардақ Оторбаев: Жаңа жоба әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін

11 қаңтар 2017

Мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығын өтейтін және олардың функционалдық мүмкіншіліктерін ескеретін киімдердің жаңа топтамасын көргенімде, керемет таң қалып, қуанышта болдым. Арбада көп отыратындығымыздан киген шалбарымыздың тізесі шығып, балағы көтеріліп кете беретін. Оған қоса, өзімізге қолайлы киім таңдап, дүкен, базар аралап көп жүріп қалатынымыз бар. Бұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайсыз болатын. Осы бағыттағы киімдер өндірісі қолға алынғаны үшін қуаныштымын және бұл бастама әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін.

Бұл туралы мүгедек жандардың өмір сапасын арттыру мәселесі бойынша Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы» мүгедектер Қоғам бірлестігінің атқарушы директоры Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы мәлім етті.

Елімізде алғаш рет жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының Заңды Тұлғалар Бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар мұқтаждығын өтейтін және олардың функционалдық мүмкіншіліктерін ескеретін киімдердің отандық өндірісін қарастырған «Adaptive Clothing and Shoes» атты жоба басталды.

Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Заңды Тұлғалар Бірлестігі мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат