Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Астана қаласында Қарағанды облысының күндері өтеді

7 қазан 2016
Астана қаласында Қарағанды облысының күндері өтеді

8-9 қазан аралығында Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Қарағанды облысының күндері өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жандос Әбішев мәлімдеді.

Жандос Әбішевтің айтуынша, мереке қарсаңында, облыс әлеуметтік-экономикалық дамуының ең жоғарғы нәтижесіне ие болып отыр.Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары кіші және орташа бизнестің жағдайы жақсарған. Атап айтсақ, орта бизнестің саны 5 есеге өсіп, 86 мыңға жетті, ал өндірілген продукцияның көлемі 700 млрд. теңгені құрады.

Әбішевтің айтуы бойынша, жуықта ауылшаруашылық өндіріс өнімдері 107 млрд. тенгеге жеткен. Егін жинау науқаны бойынша мұндай мол астық жинау, 46 жылда бірінші рет болып отыр. Бұндай көрсеткіштерге өңір сапалы өндірістік техниканы пайдалану және агротехнологияны сақтау арқылы қол жеткізді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде агро өнім өндірушілердің тауарлары базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада беріледі. Жәрмеңкеде 840 тонна әртүрлі ауылшаруашылық өнімдері болады.

Жәрмеңке аясында «Бауырсақ, қымыз фестивалі» қайырымдылық акциялары және облыстың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады. Астаналықтар мен елорда конақтары декоративтік-қолданбалы өнер «Шеберлер ауылы» көрмесіне қатысып, ондағы зергерлік өнермен көркемсурет және саз-балшық өнерінен шеберлік-класстарын көруге мүмкіндік алады.

8 қазан күні ҚР Бірінші Президентінің Кітапханасында, салтанатты түрде «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығы сыйға тартылады. Сонымен бірге, Әлихан Бөкейхановтың шығармалар жинағының 15 томдығының көрме презентациясы және қарағандылық суретшілердің «Палитра красок Сарыарки» атты көрмесі өтеді. Ал оқушылар сарайында облыстық С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынады.

Жәрмеңкенін екінші күні, Бейбітшілік және келісім сарайында, тәуелсіздік жылдары облыстың жеткен жетістіктері жөнінде көрме ұсынылады. Көрме аясында «Нұр Әсем» мода үйінің ұлттық киім коллекциялары көрсетіледі. Мереке соңы өнер шеберлерінің гала-концертіне ұласпақ.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ