Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Астанада алғаш рет «Turkvision» ән-додасы өтеді

15 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

EXPO-2017 көрмесі аясында Астана қаласында «Turkvision» заманауи эстрадалық әндерінің байқауы өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті.

«Turkvision» заманауи эстрада әндері байқауы болмақ. Бұл байқау түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайды. Байқау елімізде алғаш рет өткізіледі. Бұл қазіргі уақытта келісілген дүние. Біз қонақ ретінде бұған дейінгі байқауларға жеңіске жеткендерді шақырудамыз. Қазіргі уақытта Түркия және Орталық Азия елдерінде байқауға қатысу үшін іріктеу жүргізілуде», - деді ол.

Turkvision - түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. Байқауға түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. «Turkvizyon» ән-додасын «TÜRKSOY» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен ТMB TV түрік телеарнасы ұйымдастырып отыр.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ