Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Астанада «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтеді

30 мамыр 2016
Фото: www.inform.kz

31 мамырда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы күзде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ұсынған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында өткізіледі.

«Алдағы конференцияның өзектілігі бүгінде терроризм мен экстремизмнің әлемдік қауымдастық үшін ауқымды қатерге айналуында болып отыр, сондықтан ол ұлттық мемлекеттеп шеңберінен шығып, жыл өткен сайын барынша тұрақтылық пен ұйымдасушылыққа ие болуда. Конференцияда Қазақстанның тұрақты саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы этникааралық, дінаралық, мәдениетаралық үйлесімсіз мүмкін емес деп санайтын ұстанымын білдіретін болады. Сондықтан қазір елімізде 100-ден астам этностық топ өмір сүріп жатыр, 17 конфессия өзара ықпалдасуда. Қазақстан алдағы конференцияда осы саладағы іс-тәжірибесімен бөліседі», - деді ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Георгий Ким.

Парламентшілер, діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшылар терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау үшін алғаш рет бір үстел басында жиналмақ. Шараға әлемнің 41 елінен 63 делегация қатысады деп күтілуде.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ