Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

14 қазан 2016
Источник фото: informburo.kz

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада 15-16 қазанда «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы егемендік алған жылдардан бері қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.Мәселен,Тәуелсіздік алған 25 жылда өңірде халық саны 1 млн-ға өсті. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар, 444 жаңа мектеп, 347денсаулық сақтау нысандары салынды. Нәтижесінде 117 апатты білім ошағының мәселесі шешілді. 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне пайдалануға берілді», - дейді Ұласбек Сәдібеков.

Оңтүстік Қазақстан облысы екі күн бойы елордалықтарға төмен бағада ауылшаруашылық өнімдерін ұсынып, мәдени шаралар өткізіп, өнерлерін паш етеді. Атап айтсақ, 15 қазан күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрмесі, сағат 15.00-де Ұлттық Академиялық кітапханасында «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» атты облыс ақын-жазушыларының кездесу кеші өтеді.

Сонымен қатар, сағат 18.00-де Астана жастар театрында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актерлары С.Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымын көрсетеді. Сондай-ақ, Жастар орталығында «Оңтүстік жайдарманшылар» клубының ойындары өтеді.

15-16 қазан күндері сағат 11.00-17.00 аралығында оқушылар сарайында қазақтың рухани, ұлттық және отбасылық құндылықтарын бала тілімен дәріптейтін «Балаларға–базарлық», «Толағай», «Қазақстан барысы», «Қазақстан бренді», «Қошқар ата мен теке», «Момын және қарақшылар», «Мұңлық – Зарлық» сияқты аннимациялық фильмдер көрсетіледі. Осы күндері «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы маңында ауыл шаруашылығы және кәсіпорын өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ