Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді

7 қазан 2016
Источник фото: СЦК

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.

Шығыс өңірі 25 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларында жарқын жетістіктерге жетті. «Ел егемендігін алған жылдар ішінде облыста 150 білім нысаны, оның ішінде 129 мектеп, 21 балабақша, 100-ден астам денсаулық сақтау орталықтары ашылды. 25 жыл ішінде облыстың ішкі жалпы өнімі 260 есе өсіп, 8,8 млрд. теңгеден 2,3 трлн.теңгеге жетті», - дейді Ж.Омар.

Осы бағдарлама аясында 8 қазанда «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты көрме өткізіледі. Онда өңірдің кәсіпорындары шығаратын өнімдерімен, облыстағы туристік кластерлердің дамуы және иновациялық жобалармен таныса аласыз.

Ұлттық мұражайда «Тәуелсіздіктің ашық кітап жетістіктері: Шығыс Қазақстан» және «Үлкен жол кезеңдері» атты фота көрме және «Уақыт портретінің штрихтері» атты суретшілер көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Шығыс Қазақстан театрының қойылымындағы «Дядюшкин сон» және Өскемен қаласындағы облыстық драма театры сахналайтын К.Людвигтің «Жұлдызды сәт» қойылымы көрсетіледі. «Қазақстан» спорт сарайында балаларға хоккейден шеберлік сағаты өткізіледі.

8-9 қазанда Хан Шатыр ойын сауық орталығы маңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сондай-ақ, Елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Шұғылалы Шығыс» атты концерттік бағдарлама ұсынылады.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ