Брифинг

Астанадағы жылы аялдамалар инвесторлардың есебінен салынатын болады

13 ақпан 2017

Елорданың әкімдігі қалада 200 жылы аялдама орнатуды жоспарлап отыр. Павильондар бюджет қаржысына емес, инвесторлардың ақшасына салынатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте «Қала шешімдері бюросы» ақпараттық-талдау орталығының директоры Дәурен Қайсаров хабарлады.

«Шынында да, қазір жылы аялдамар павильондарын ауқымды түрде орнату ісі тоқырап қалды. Бұл оған қатысты амалдың өзгеруіне орай жасалды. Бүгінгі күні ынтымақтастықтың түрлі формасындағы қалалық кеңестердің алдында өз жобаларын қорғап жатқан бес инвестор бар. Яғни, бұл тек аялдама ғана емес, аялдаманың өзі және жол бойы сервисі қамтылған тұтас аялдамалар кешені болатын болады», – дейді Д. Қайсаров.

Спикердің айтуынша, павильондардың құрылысын салуға бес компания ниет білдіріп отыр. «Қазір бірнеше инвесторлар Астана қаласының аумағында 200 шақты павильон орнатуға дайын, тек шешім қабылдау ғана қалды», - деп түйіндеді ол сөзін.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат