Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Атырау облысы қарқынды дамуда

16 қыркүйек 2016
Источник фото: mgorod.kz

17-18 қыркүйекте Астанада «Қуатты өңірқуатты Қазақстан» жобасы аясында Атырау облысының күндері өтеді.

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев мәлімдеді.

Дәстүр бойынша, өңірдің тауар өндірушілері елорданың тұрғындары мен қонақтарына өздерінің ең жақсы өнімдерін ұсынады. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Наутиевтің айтуынша, Атыраудан шамамен 4,6 тонна сүт және 6,3 тонна ет өнімдері, 31 тонна балық, 38 тонна көкөніс әкелінеді.

Сонымен қатар, бұл күндері Астананың концерттік алаңдарында облыстың Жылыой, Махамбет, Мақат аудандарының шығармашылық ұжымдары мен «Меруерт» пен «Жұлдыз» би ансамбльдері өнер көрсетеді.

«Біздің өңір еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болып отыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында өңірлік жалпы өнім 1,177 трлн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 105,2%. Облыс кәсіпорындары 2,516 трлн. теңгенің өнеркәсіптік өнімдерін өндірді. Бұл өнім 1,5% өсті», - деді Әлібек Наутиев.

Құрылыс саласы да қарқынды дамуда – биылғы жылы үш айда 273 мың ш.м. астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды, бұл республикалық орташа деңгейден төмен, ал орташа айлық жалақы бірінші тоқсанда 261 703 теңгеге жетті.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ