Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Атмосфераға ластандырғыш заттардың бөлінуі 26 пайызға төмендеді

16 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары бойынша өтетін коллегия аясындағы баспасөз мәслихаты «сұрақ-жауап» тәртібінде өтті.

Энергетика вице-министрі Ғани Қалыбекұлы Сәдібековтің айтуынша, соңғы уақытта атмосфераға ластандырғыш заттардың бөлінуінің төмендегені байқалады.

«Бұл жаңа жасыл технологияны және тазартқыш ғимараттарды пайдаланудың, табиғатты пайдалауншыларға деген талаптың күшеюінің, сондай-ақ, отынның экологиялық таза түріне көшуінің нәтижесінде қол жетіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда рұқсат етілген атмосфераға ластандырғыш заттардың бөліну лимиті 5 млн-ды құрайды. Бірақ табиғатты пайдаланушылар аталған лимиттің 50% ғана пайдалануда. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады»,-деді спикер.

«Былтырғы жылы өндірістік қалдықтарды жарату 26%-ға төмендеген. Қазіргі таңда мекеме алдында қалдықтардың жағымсыз әсерін барынша төмендету міндеті тұр. Қазақстанда «Жасыл» экономикаға көшу Концепциясы жүзеге асырылуда. Әрине, ірі тау-кен металлургия комбинатының салдарынан жиналған қоқыстардың қалдық қоймалары үлесінде. Қазіргі таңда Экологиялық заңнама табиғатты пайдаланушылар алдында қоқыстарды залалсыздандыру және пайдалану бойынша қатаң талаптар қойып отыр»,-деді Ғани Қалыбайұлы.

Сондай-ақ, вице-министр бірқатар шаралар бағлдарламасының әзірленгенін жеткізді. Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде және ҚР Энергетика министрлігінің қатаң бақылауында.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ