Брифинг

Ауған жауынгерлері Президент жолдауының міндеттерін қолдады

16 ақпан 2017

ҚР Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауының негізгі міндеттерін қолдайды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов мәлімдеді.

Айта кетейік, ел Президенті Жолдауының ең негізгі басымдықтарының бірі – Қазақстанның үшінші жаңғыруы: «жаһандық бәсекеге қабілеттілік» – институционалды түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес.
«Мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді өзара әрекеттестігі үшін экстремизм мен терроризмге қарсы бірыңғай Ұлттық стратегия құрастыру қажет. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмді, басқа да ұлт қауіпсіздігіне қатерлі әрекеттерді насихаттауға байланысты қылмыс бойынша қылмыстық жазаны қатаңдату керек», - деп атап өтті Ш.Өтегенов.

Спикердің айтуынша, Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестіктердің рөлін күшейтіп, олардың беделі мен тәжірибесін достық, бауырластық және елдер мен халықтар арасындағы мейірімді көршілікті насихаттауда, сонымен қатар радикализм, экстремиз мен терроризм идеологияларын таратуды алдын алу жұмыстарында қолдану қажет.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат