Брифинг

Ауғанстан ардагерлері терроризммен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаны құрастыру жұмысына қатысуға дайын

16 ақпан 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында ҚР Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов Жолдаудың бесінші басымдығы – институционалды түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі пікірімен бөлісті.

«Біз, соғыс ардагерлері, Ауғанстандағы, Тәжікстандағы сын соғыстардан және басқа да жергілікті қақтығыстардан өтіп, бәрін өз көзімізбен көріп, экстремизм мен терроризм әкелетін қайғы-қасіретті толығымен түсінеміз. Өйткені ол ең алдымен бейбіт елге, яғни қарттарға, әйелдерге және балаларға қарсы бағытталған әрекет. Ауғанстандағы және басқа да соғыс қақтығыстарының ардагерлерінің осындай мәселелерге қатысуы экстремизм мен терроризмді алдын алып, оған жастар арасында және жалпы қоғамда қарсы шығуға мүмкіндік беретін тиімді құрал болатынына сенімдіміз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама құру бойынша жұмыс тобына Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері қоғамдық ұйымдар өкілдерін қосу ұсынысымен ел Үкіметіне шығып отырмыз», - деді Ш.Өтегенов.

Спикер жастар қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстарының қызметін әлеуметтік тәртіпте позитивті стандарттарды дамыту және жастардың радикалды ағымдар мен құрамалардың идеялары мен бастамаларына наразылығын қалыптастыру бойынша белсенді насихаттау қажеттілігін атап өтті.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат