Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Азаматтар жаңа ережемен тіркеледі

4 қаңтар 2017
Фото: Арман Мухатов

Қолданыстағы заң азаматтарды келген жерінде тіркеуге міндеттеуді қарастырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл міндеттеме «Халықтың көші-қон туралы» Заңында қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғын үй қожайыны өз үйінде азаматтарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Азаматтарды тіркеудің басты міндеті – ішкі көші-қон үдерісін, аймақтың өңірлік және мемлекеттік даму бағдарламасын дайындау аясында әр елді мекендердің даму шамасын анықтау негізінде азаматтардың тіркелу санын бақылау болып табылады. Осы есептің негізінде жұмыс орындары, білім ошақтары, құрылыс нысандары, емханалар ашылады, инженерлік-техникалық құрылымдар дамиды», – деп атап өтті Г.Сәрсенова.

Сондай-ақ ол тіркелу институтының әрбір адамның өз еркімен жүріп-тұруына шектеу қоймайтынын, халықаралық тәжірибеге сәйкес келетінін, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жоспарлауымен тығыз байланысты болатынын жеткізді.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ