Брифинг

Б.Арын: Қазақстанда 3636 діни ұйым ресми тіркелген

5 желтоқсан 2016

Орталық телекоммуникациялар қызметінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы талқыланды. Заңның қолданыста жүргеніне 5 жыл болды.

Бүгінде Қазақстанда 18 конфессияны құрайтын 3636 діни ұйым ресми тіркеліп, әрекет етуде. Олардың ішінде ең көбі ислам (2529) және православиелік христиан діні (331). Сондай-ақ, протестанттық, католиктік шіркеулер, буддистік, кришнаиттік, иудейлік және басқа қауымдар бар. Заңда нақ соларға діни қызметпен айналысу құқы берілген.

«Бүгінде ол дін саласындағы заңдылықты және елдегі діни жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды үлес қосуда. Сондай-ақ, елімізде заң тек қана ресми тіркелген діни ұйымдарға әр діннің ерекшелігін ескере отырып, арнайы ережелер белгіленген белгілі бір орындарда діни қызметпен айналысуға рұқсат етеді»,- деп атап өтті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын.

Спикер заңсыз діни жиындардың құқыққа қайшы келетініне және әкімшілік жазаға ұшырататынына көңіл аударды. Мұндай әрекеттер заңды діни қызметке кедергі келтіру, бұзақылық немесе діни араздықты тұтату есебінде анықталады.

«Мысал үшін, білім беру курсы, тілдерге оқыту курсы, медициналық, қайырымдылық немесе өзге құрылымдар түрінде дінмен айналысуға әрекет ететін жағдайлар кездеседі. Мұны жасауға болмайды. Бұл жағдайларда дін істері басқармасы немесе құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартуы мүмкін», - деп түсіндірді Берік Арын.

Вице-министр өз мәлімдемесінде бүлдіргіш діни ағымдардың ізбасарлары имамдар мен мешіт қауымы мүшелерінің пікірлерін қыр көрсете елемеушілік арқылы діни ғимараттардың ішкі тәртібін бұзу деректері бар екенін атап айтты.

«Құлшылық ету, салт, діни жиындар мен рәсімдер сияқты діни іс-шаралар заңмен анықталған орындарда кедергісіз өткізіледі. Одан басқа діни іс-шаралар әкімдіктермен келісілген жеке бөлмелерде жасалуы мүмкін. Барлық мешіттерде және басқа діндердің діни ғимараттарында өздерінің ішкі тәртіп ережелері бар. Олар дін өзгешелігі, діни қағидалардың ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылған», - деп ақпарат берді мәлімдеуші.

Миссионерлік қызмет те заңмен реттелген. Миссионерлер Қазақстанда ресми тіркелген діни бірлестік өкілдері болуы керек.

Оның сөзіне қарағанда, діни әдебиеттерді таратудың да белгілі бір тәртібі бар. Алайда, мұндай материалдарды таратуға тек қана діни ғимараттарда, сондай-ақ жергілікті атқару органдары арнайы белгілеген тұрақты бөлмелерде рұқсат етіледі.

Елге тарату үшін діни әдебиеттерді шеттен әкелу тек қана діни бірлестіктерге және дінтану сараптамашыларының құптарлық қорытындысын алған соң ғана рұқсат етіледі.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат