Брифинг

Биыл Қазақстан әлем назарында болады

9 қаңтар 2017

Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңшасында 2017 жылы Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін өзекті мәнге ие барынша маңызды он оқиғаға шолу жасады.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы Қазақстан өңірлік және халықаралық процестерге белсене араласатын болады.

«2017 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне екіжылдық мерзімге тұрақты емес мүше болады, бұл өңірлік күн тәртібін жаһандық деңгейде көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан маңызды халықаралық оқиғалар - Универсиада-2017, ЭКСПО-2017, ШЫҰ саммиті өтетін алаңға айналады. Қазан айында АӨСШК бастамасы 25 жылдығы атап өтіледі», - деді Е.Қарин.

Институт директоры атап өткендей, Астана халықаралық қауіпсіздік үшін маңызды кездесулер мен келіссөздер өтетін платформа – «Азияның Женевасына» айнала отырып, өзінің әлемдегі саяси астаналардың бірі екенін растайды.

«Бұл жыл тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар барлық Орталық Азияның да халықаралық субъективтілігін күшейтудің маңызды кезеңі болмақ», – деп түйіндеді Е.Қарин.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат