Брифинг

Біздің ғалымдарымыз Антарктидадағы микроағзалардың әртекті түрлерін зерттейді

30 қараша 2016

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөзмәслихатында ҚазГҚ президиумының төрағасы Төлеген Тастанбеков хабарлады.

«Қазақ Географиялық қоғамы Антарктидаға еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеуэкспедициясын аттандырмақ. Экспедиция құрамына QazaqGeography-тің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдігінің жетекшісі Мағжан Сағымбаев (топ жетекшісі), альпинистер Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамедов және Дәулет Шәріпов енген. Сонымен қатар, Антарктидаға Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-і мен Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ғылыми қызметкерлері де қатысып, экология, биология және адам физиологиясы бойынша зерттеулер жүргізеді»,- дейді спикер.

«Ғалымдар Антарктиданың экожүйесіндегі органикалық пестицидтердің құрамын; микроағзалардың айырықша тосын жағайларға бейімделген әртекті түрлерін; климаттық факторлардың адамның Антарктиданың айырықша тосын ортасындағы денсаулығы мен психикалық-эмоционалдық жай-күйіне әсерін анықтау сияқты зерттеулермен шұғылданатын болады. Экспедиция қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан Антарктидада автоматтандырылған ғылыми станса орнату туралы ұсыныс жасау жоспарланған»,-деп түйіндеді сөзін Т. Тастанбеков.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат