Брифинг

Бүгін «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық акциясы өтті

19 сәуір 2017

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов айтты.

«Акцияға Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутататтары, ШЫҰ Бас Хатшысы, Орталық Азия үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басшылығы, бірқатар мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері, қоғам және спорт қайраткерлері мен белгілі актерлер мен әншілер қатысты.

Сонымен қатар, акцияны кино және эстрада жұлдыздары - Нұрлан Әлімжанов, Ерлан Көкеев, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, танымал спортшылар – бокстан Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев, баскетболдан Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко, «Универсиады-2017» шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасының жеңімпазы Мадина Жанбосынова, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Гюзель Манюрова, Қазақ күресі бойынша дүниежүзінің үш дүркін чемпионы Ғани Сейдалиев, Джиу-Джиутсу бойынша жасөспірімдер арасында дүниежүзілік чемпион Дархан Нортаев белсенді қолдады, олар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Астанамыздың ЖОО студенттері флэшмобтың көмегімен қатарластарына есірткіні тұтыну салдары, сондай-ақ оған тәуелді адамдардың тағдыры туралы қойылымдар көрсетті. Еліміздің барлық өңірлерінде өткен іс-шараның мақсаты- нашақорлық проблемасы, тәуекел топтар – жастардың арасындағы нашақорлық проблемасын кешенді шешу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге тәуелді адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көмек беру» деді ШЫҰ Бас Хатшысы Рәшид Әлімов.

Халықаралық акцияны өткізу Қазақстанның бастамасы, яғни Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2016 жылғы маусымда Ташкент қаласында өткен Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесі отырысында атап айтқан болатын.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат