Брифинг

Д.Ерғожин: салық және кеден жүйесін біріктіру мемлекеттік қызметтің сапасын арттырады

10 тамыз 2016

Салық және кеден жүйесін біріктіру мемлекеттік кірістерді бірыңғай басқару проблемасын шешудің бастауы болмақ. Бұл туралы ОКҚ-да болған баспасөз конференцияда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ДәулетЕрғожин мәлімдеді.

«Бизнес пен халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын, сондай-ақ басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында, Мемлекеттік кірістер комитеті қолданыстағы салық және кеден жүйесін біріктіруді жөн көрді», - деді спикер.

Осыған орай ДәулетЕрғожин жүйелерді біріктірудің басты артықшылығына назар аударды.

«Біздің комитеттің басты даму бағыты клиентке бейімделгендігі мен бизнеске қолайлы жағдай туғызуында болып табылады. Салық және кеден жүйесін біріктіру басқарудың тиімділігін және бірыңғай мәліметтер базасын құрып, функциялардың қайталануын болдырмау арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат