Брифинг

«Du Soleil» циркі «ЭКСПО -2017» арнайы бағдарлама әзірледі

14 наурыз 2017

Елордамызда «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында қазіргі таңда канадалық «Дю Солей» циркі өз бағдарламасын 16 маусым мен 9 қыркүйек аралығында Елорда тұрғындары мен қонақтарына тарту етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров мәлім етті.

Цирктің ерекшелігі дарын мен ғажайып таланттың қарымын шыңдай отырып, көрерменді таң тамаша қалдыру. Оған қоса, аталған бағдарлама қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жасалған. Көшпенді елдің мәдениеті, жетістіктері, тарихи маңызы зор оқиғалары – барлығы шоу аясында «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» тақырыбымен үндесе отырып, жарасымдылық таппақ.

«Du Soleil» циркі Елордамызда 93 күнге созылған көрме барысында барлығы 71 рет өнер көрсетеді. Оның құрамында Австралия, Канада, Германия және тағы басқа мемлекеттерден келген 38 әртіс бар. Шоудың атауы – «Reflekt» - болашаққа ұмтылған адамзат».

Аталған шоуды бір сәтте 2000 адам тамашалай алады. Бүгінгі таңда билет құны 4000 теңгеден басталады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат