Брифинг

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы киім тігу қолға алынды

11 қаңтар 2017

Бұл туралы мүгедек жандардың өмір сапасын арттыру мәселесі бойынша Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының президенті Любовь Худова мәлім етті.

Спикердің айтуынша, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының Заңды Тұлғалар Бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар мұқтаждығын өтейтін және олардың функционалдық мүмкіншіліктерін ескеретін киімдердің отандық өндірісін қарастырған «Adaptive Clothing and Shoes» атты жобаны асыруға кірісті.

Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Заңды Тұлғалар Бірлестігі мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат