Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Елордада Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Атырау облысының күндері өтеді

16 қыркүйек 2016
Источник фото: orif.su 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада 17-18 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Атырау облысының күндері өтеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев мәлімдеді.

Атыраулықтар екі күн бойы елордалықтарға төмен бағада ауылшаруашылық өнімдерін ұсынып, мәдени шаралар өткізіп, өнерлерін паш етеді. Балығымен танылған Атырау өңірі жәрмеңкеге шамамен 6,3 тонна ет өнімдері мен 31 тонна балық, 38 тонна көкөніс өнімдерін жеткізбек. Сонымен қатар Астананың концерттік алаңдарында облыстың Жылыой, Махамбет, Мақат аудандарының шығармашылық ұжымдары жырдан шашу, күмбірлеген күйге бөлейтін болады.

«Біздің облыс еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болып отыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында өңірлік жалпы өнім 1,177 трлн. теңгені құрады. Облыс кәсіпорындары 2,516 трлн. теңгенің өнеркәсіптік өнімдерін өндірді», - дейді Әлібек Наутиев.

Атырауда құрылыс саласы да қарқынды дамуда, биылғы жылғы үш айда 273 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Осы жылдың қазан айында «Қашаған» жобасы іске қосылмақ. 49 инвестициялық жоба іске асып, 5000-нан аса жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту ісі де жүзеге асырылып келеді.

Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрап отыр, бұл республикалық орташа деңгейден біршама төмен, ал орташа айлық жалақы 261 703 теңгеге жетті.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ