Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Маңғыстау облысының күндері өтеді

30 қыркүйек 2016
Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты  Маңғыстау облысының күндері өтеді

1-2 қазан аралығында Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Маңғыстау облысының күндері өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мәлімдеді.

Маңғыстау облысы елімізде қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. «Ел егемендігін алған жылдар ішінде 32,9 мың орынды жалпы білім беретін мектептер, 26 мың орынды мектепке дейінгі ұйымдар, 1290 адамға арналған аурухана мен 1857 адамды қабылдайтын амбулаторлық-поликлиникалар іске қосылды. Осы жылы білім саласының бюджеті 48 млрд. теңге болса, денсаулық сақтау саласы 21 млрд. теңгені құрады. Соңғы бес жылда балабақшалар саны 117-ден, 245-ке дейін өсті», - дейді Бану Нұрғазиева.

Жыл басынан бері 17 837 жұмыс орны құрылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында Маңғыстауда 2015 жылы «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасы қабылданған. Аталған бағдарлама жастарды кәсіптік оқытудан өткізіп, басым бағыттағы жұмыстарға орналастыруда.

Маңғыстаулықтар Елорда тұрғындарына арнап көрмелер ұйымдастырып, концерттік қойылымдар көрсетуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, 1 қазан күні сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жаңғырған асыл мұра» және облыстық кітапхананың «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты көрмелері ашылады.

Дәл осы күні сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға» атты өнер шеберлерінің Гала-концерті өтеді.

2 қазан күні сағат 11.00-де Астана қаласында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш әлемі» журналының тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, М.Горкий атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Әбіш Кекілбайұлы шығармасының желісімен сахналанған «Шыңырау» драмалық қойылымы көрсетілетін болады.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ