Брифинг

Еуропалық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауды «демократияшыл» деп атады

20 наурыз 2016

Қазақстандық сайлаушылар елде өтіп жатқан сайлауға үлкен қызығушылық білдіруде, деп мәлімдеді шетелдік бақылаушы – Босния және Герцеговинаның спорт және жастар ісі жөніндегі бұрынғы министрі, «Атом» агенттігі басшысының орынбасары Зарон Тешанович.

«Біздің топ бірнеше сайлау учаскесінде болып қайтты, сайлаушылармен сөйлесудің де сәті түсті. Адамдар сайлауға көтеріңкі көңіл күймен келуде», – деді бақылаушы.

Зарон Тешанович сондай-ақ сайлау учаскелерінде адамдар көптеп жиналғанына назар аударды. Оның айтуынша, дауыс берушілер санының көп болуына қарамастан учаскелік комиссиялар үйлесімді әрі кәсіби жұмыс көрсетуде.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат