Брифинг

Ғ. Жолдыбаева: Бизнесті қайта реттеу бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысымның төменделгені байқалады

13 ақпан 2017

Мемлекет Басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу міндетін анықтағанын және бақылау-қадағалау функцияларының санына ауқымды тексеру жүргізуді тапсырған еді.

«Бизнесті қайта реттеу бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысым біршама төмендетілген. 2016 жылы бизнеске қатысты 101 019 бақылау-қадағалау жасалған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 45% төмендегенін көрсетеді. 2013 жылдың көрсеткіші негізге алынды. Себебі, 2014 жылы тексеруге тыйым салынған еді»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева.

Оның айтуынша, 61 мекеме, оның ішінде 45 орталық мемлекеттік органдар мекемесі және 16 аймақтарда жергілікті атқарушы органдар 114 кәсіпкерлік субъектісінің және 18 саланың бақылаушы –қадағалаушы міндеттерін жүзеге асырады.

«Соңғы 2 жылда Елбасының кәсіпкерлік қызметтің жағдайын жақсарту туралы тапсырмасы бойынша бірқатар түбегейлі шаралар қабылданды»,-деді ҰЭМ өкілі.

Сондай-ақ, Ғалия Жолдыбаева мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау жүзеге асырылғанын, сондай-ақ, аудитті жүргізу, кәсіпкерлік субъектісін сараптау енгізілгенін жеткізді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат