Брифинг

И. Ильин: «Мен семинарлар, шеберлік дәрістерін, тренингтер өткізетін боламын»

23 қараша 2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық спортшы Илья Ильин Халықаралық Олимпиада комитетінің өзіне қатысты санкциялар қолдану туралы ресми хабарлама туралы пікірін білдірді.

Естеріңізде болса, Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптіккомиссиясының шешіміне сай, «А» және «В» сынамаларына жасалған қосымша зерттеулерден кейін, қазақстандық ауыр атлетші, 2008 жылғыБейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының 94 кило салмаққа дейінгі чемпионы Илья Ильин жарыстардан шеттетіліп, наградалары кері қайтарылып алынған болатын.

«Менің ешкімді кіналауға қақым жоқ. Мен қазір сіздердің алдарыңызда жалғыз отырмын. Біз жеңіске лайықты болдық, енді жеңілісті де лайықты түрде қарсы алып, халықпен көзбе-көз кездесіп, олрға жауап беруіміз қажет. Мен ешкімді де кінәламаймын. Өзімді де, жаттықтырушыларымды да, мені қоршаған жандарды да», - деді зілтемірші.

Оның айтуынша, қалыптасып отырған жағдайда біреуді кінәлағаннан гөрі, қорытынды жасаған дұрыс.

«Егер мен қазір біреуді айыптай бастасам, одан бәрібір ештеме өзгермейді. Бәріміз қуандық, құшақтастық, ал қиын кезеңде өз-өзіңді қолға ұстап, соққыны лайықты қарсы алған жөн», - деп жалғады ол сөзін.

«Мен сайыс алаңында ешқашан жеңілмегендіктен және халық мені қолдап, біз сенімен біргеміз дегендері үшін ғана өз-өзімді ұстап отырмын», - деді спортшы.

Сонымен қатар, Илья Ильин ауыр атлетика бойынша семинарлар, шеберлік дәрістерін, тренингтер өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. «Қазақстанды, таяу және алыс шетелдерді аралаймын», - деді ол.

Допингке қатысты дау-жанжалға түсінік бере келіп, Илья Ильин өз ісін адал атқарғанын баса айтты. «Зілтемірді көтеру– маған табиғаттың берген сыйы деп білемін», деді ол.

Сөз соңында спортшы «Мен тірімін, сондықтан бәрі әлі алда деп ойлаймын. Мүмкін, олимпиадада болмаса да, әлі де талай жеңістерге жетермін, тіпті жеке өз өмірімде болса да», - деді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат