Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Израиль премьер-министрі Астанаға келеді

12 желтоқсан 2016
Израиль премьер-министрі Астанаға келеді

2016 жылдың 14 желтоқсанында Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяху Астанаға жұмыс сапарымен келмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяху Израиль Мемлекеті мен посткеңестік кезеңдегі 25 жылдық дипломатиялық қатынастар барысында алғаш рет Орталық Азияға келген тұңғыш израильдік премьер-министр болмақ.

Израиль көшбасшысының Астанаға сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында орын алып, халықаралық аренада Қазақстан жетістіктерін халықаралық қадірлеудің артуын білдіреді.

«Израиль «High-Tech» беделі бар ел, ол медицина, технология, ауыл шаруашылығы мен су менеджменті салаларында алдыңғы орында келеді. Әлем бойынша мұнай бағасы төмендеп, дәстүрлі энергетикалық ресурстарға деген сұраныстардың азайған кезінде, Израиль технологиялары Нұрсұлтан Назарбаев таңдаған әртараптандыру курсының экономикалық өсуі мен дамуына ықпал ете алады», - деп атап өтті Израиль елшісі.

Сапар шеңберінде Астанада Израиль мен Қазақстанның іскер ортасына арналған ҚР Елбасы мен Израиль Премьер-министрінің қатысуымен бизнес-форум өткізілмек. Форум жұмысына АӨК, медицина, энергетика, азаматтық қауіпсіздік жүйесі мен қорғаныс өнеркәсібі салаларында қызмет ететін казақстандық және израильдік ірі компаниялар басшылары қатысады.

Израиль мен Қазақстанның экономикалық өзара әрекеттесуі ендігі кең алаңдар спектрінде бірталай табыс әкелді. Тамшылап суару жүйесі, жылыжайлар, құс фермалары, қауіпсіздік және биллингті жүйелермен қатар «Израильде жасалған» атты брендпен жақсы танымал және Қазақстанда кеңінен пайдаланылады.

«Қазір серпіліс жасап, жаңа флагмандық жобаларды алға тарту, израильдік ауылшаруашылық технологияларды көрсету үшін үлкен ауылшаруашылық кластерін құру, екіжақты ауылшаруашылық жобаларды дамыту үшін қаржы механизмдерін құру, технологиялық жобалар мен өзара маңызды инвестициялардың трансфертін қолдану өте маңызды», - деді Михаэль Бродский.

Израиль мен Қазақстанның алдағы қарым-қатынастары тек экономикалық ынтымақтастық тұрғыдан болмақ емес. Террористік ұйымдардың белсенділігімен кездескен, қауіпсіздік пен контртеррористік шараларда Қазақстан мен басқа да ортаазиялық мемлекеттер үшін Израиль тренерлік хаб бола алады.

Израильдің Қазақстандағы Елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынасты қолайлы әрі жемісті деп атады.

«Дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылы ішінде мемлекеттер жағымды екіжақты диалогты қалыптастырып, сауданы реттеп және парламенттер, бизнес-қоғамдастықтар, академиялық органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қарым-қатынастарын жақсарту жолында айтарлықтай жұмыс атқарды. Соған қарамастан, екі елдің екіжақты қарым-қатынастарында әлі де көп беймәлім мүмкіндіктері бар. Ал олардың жүзеге асырылуы Израиль мен Қазақстанға стратегиялық серіктестік деңгейіне жетуге көмектеседі»,- деп қорытындылады Михаэль Бродский.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ