Брифинг

Жамбыл облысында 220 түлек – «Алтын белгіге» үміткер

12 мамыр 2016

Жамбыл облысы бойынша 220 түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқарамасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмилә Елеуқызы мәлімдеді.

«44 мектеп бітіруші Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына 24.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларының женімпаздары ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады. 220 оқушы – «Алтын белгіге», 84 оқушы – үздік аттестатқа үміткер. 64 мектеп бітіруші – мемлекеттік грант иегерлері. 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады, – деді Ж. Бекбатырова. – Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдасқан түрде өткізу үшін олардың тамақтануына, тасымалдауына және жатын орнына 16 млн. 990 мың теңге бөлінген. ҰБТ тапсыратын 6065 мектеп бітірушінің 3295-і (54,32%) тасымалдауды қажет етеді. Барлық ҰБТ өткізу пункттері бейнебақылау камералары, ұялы телефон дабылын тұншықтырғыш, металіздегіш және видеотіркегіш құралдармен қамтамасыз етілген».

Сарапшының айтыуынша, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың қараша мен 2016 жылдың наурыз айларында 10,11 сынып оқушылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 18493 оқушы қатысты. Тест нәтижесі бойынша оқушылардың таңдау басымдығы – биология, физика, география, ағылшын тілі пәндеріне берілгендігі анықталып, ҰБТ көрсеткішінің өсуі – осы пәндерді сапалы оқытуға қатысты екендігіне, техникалық қателіктерге жеткілікті мән беру жөнінде ұсыныс берілді.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерге арналған психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді», – деп қорытындылады Ж. Бекбатырова.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат