Брифинг

Жамбыл облысында еңбек ұжымдарында 2400 жуық меморандум қабылданды

18 маусым 2016

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлының қатысуымен брифинг өтті.

«Жаңа Еңбек Кодексі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты анықтап, тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін айқындады. Ал,жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылған», - деді спикер.

Серғали Айдапкеловтың сөзіне сенсек, еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары саласындабиылғы жылдың өткен бес айында 6391 әрекет етіп тұрған заңды тұлғаларда 1279 ұжымдық шарттар қолданыста болып, облыста өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 58014 жұмысшыларды қамтитын 2375 еңбек ұжымдарында меморандумдар қабылданды десек те, олардың орындалуына еңбек инспекторларымен жүргізілген тексерулер, салада бірқатар кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Оның ішінде 42 ірі кәсіпорында, жұмысшылар саны 29407, 1703 орта және кіші кәсіпорында жұмысшылар саны 2324 құрайды. (ірі кәсіпорындар 66,2%, орта және кіші кәсіпорындар 37,3% қамтыған).

Облыс еңбек ұйымдарын тексерулер барысында 2016 жылдың бес айында 66заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 41 еңбек қатынастарына, 23 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, 2 халықты жұмыспен қамту заңнамасына байланысты.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат