Брифинг

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жолдар үшін 900 млн. теңге бөлінді

8 маусым 2016

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожол жұмыстарына 900 млн. теңге бөлінді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Кәрібаев Қайрат мәлімдеді.

«2016 жылы республикалық мәні бар автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 900,0 млн. теңге бөлінді. Аталған жолдар бойында үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылы шұңқырлықты жөндеу – 25 893 м2, жолтабандар мен кедірліктерді жою – 28 000 м2; белгі беру бағаншаларды орнату – 854; жол белгілерін ауыстыру мен орнату – 362; панноларды ауыстыру мен орнату – 12; темір қоршауларды орнату және жөндеу – 6 714 п.м; жол жамылғысына жолақтарды сызу – 350 ш.м; автопавильондарды жөндеу – 4 жұмыстары жоспарланған»,- деді Қ.Кәрібаев.

Жамбыл облысы бойынша осы халықаралық транзиттік дәліз негізінен қолданыстағы «Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолымен өтеді. Сонымен қатар Қордай, Күйік, Шақпақ асуларын және Тараз қаласы, Қордай, Құлан, Айша бибі, Бауыржан Момышұлы, Шақпақ ата елді мекендерін және Қырғызстан Республикасы аумағын айналып өтеді.

«495 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 495 шақырым автожолдың 295 шақырымы І техникалық санатты төрт жолақты, 200 шақырымы ІІ техникалық санатты екі жолақты. Жалпы шақырымның 351 шақырымы - цементбетонды, 144 шақырымы - асфальтбетонды жамылғы. Жол жамылғысы 13 тонна осьтік салмаққа және 20-25 жыл қызмет көрсету мерзіміне есептелген», - деді спикер.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат