Брифинг

Жаңа «Ел Арна» телеарнасы 27 наурызда халықтың назарына ұсынылады

13 наурыз 2017

Жаңа «Ел Арна» телеарнасы ағымдағы жылдың 27 наурызында халыққа жол тартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті апталық брифингінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов хабарлады.

«27 наурызда салтанатты ашылуы өтеді. Сол күні аталған телеарна өз шығарылымын бастайды. Бұл телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында. Отау Тв желісі арқылы хабар таратылатын болады. Әзірге телеарнаның штаттық бірлігі 20 адамды құрайды, ал қазіргі уақытта арнаның шеф-редакторы белгіленіп, осы бағытта жұмыс басталып кетті. Наурыз, сәуір айларына хабар тарату желісі бекітілді»,-деді мекеме өкілі.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 7 ақпанында үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда наурыз айының соңында отандық көркем және деректі фильмдердің, телесериалдарды көрсететін «Хабар» агенттігінің құрылымында жаңа телеарнаның ашылатынын баяндаған еді.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат