Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Жанат Жақиянов 10 жылдық тынбас еңбегі арқасында чемпион атағына қол жеткізді

15 ақпан 2017
Фото: Арман Мухатов

Жанат Жақиянов өзін боксшы ретінде өз күшімен қалыптастырды. Күні-түні спорттың түрлі тәсілдерін игеріп, бірқатар ауыр жекпе-жектерді бастан өткерді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин хабарлады.

Жанат Жақиянов ҚР әуесқой спорт шебері және қазіргі таңда соққы берудегі ең жоғары ұпайды еншісіне алды. Және 27 жекпе-жекті бастан кешті, 53 келі салмақта 18- жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді.

«Жанатты 2000 жылдан бері жақсы білемін, ол ауылдан келіп, колледжге түсті. Ағасымен бірге өзінің жаттықтырушысы Александр Лебедовпен дайындалды. Ол өте еңбекқор жан және мезгілсіз ауыр дайындықтарға әрқашан белсенді қатысатын. Әрине, осындай еңбектің арқасында 10 жыл бойы күткен чемпион атағына қол жеткізді. Оның еншісінде республикалық, халықаралық турнирлердегі жеңістер жеткілікті. Қазақстан Республикасының чемпионатында алған жүлделі орындар да жоқ емес. Жанат қарсыласы танымал әлемнің әуесқой чемпионы америкалық Роши Уорренмен кездесті. Жекпе-жекте 2 кездесуді артта қалдырып, Жанат өзінің үйреншікті кәсіпқой тәсілдерін уақытында жұмсап, қарсыласын жеңе білді»,-деді Руслан Есеналин.

Руслан Есеналиннің мәлімдеуінше, Жанат бокс жөніндегі облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметін атқарады. Жанат өз тәжірибесі негізінде жас спортшыларды жаттықтыруда. Облыстың 12 ауданында бокс саласы дамып келеді. Осыған орай, Жанат өз үлесін қосуға атсалысуда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 ақпанында АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роши Уорренмен кездесіп, жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алды.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ