Брифинг

Жанат Жақиянов: Жекпе-жекте жігер беретін менің отбасым

15 ақпан 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алған Жанат Жақиянов спорт саласындағы жетістіктері мен жекпе-жекке шығарда жігер беретін дүниелерімен бөлісті.

«Еліме жеңіспен оралғаныма қуаныштымын. Менің 10 апталық дайындығым Ұлыбританияда өткен жекпе-жекте қарсыласымды жеңуге үлкен септігін тигізді»,-деді спортшы

Жанат Жақиянов ырымдарға сенбеуге тырысатынын да жасырмады.

«Жекпе-жекке шығарда ырымдарға сенбеуге тырысамын. Біздің алдымызда үш кезең барысында қарсыластың ыңғайын бақылау міндеті қойылды, ал содан кейін ғана қарсыласты қыспаққа алуды бастау қажет болды. Өздеріңіз көргендей, алғашқы кездесуде бірден жыға алмадым. Бірақ, кездесуді өз қолыма алып, соңына дейін жеткіздім. Ел намысы сынға түсіп жатқанда жеңілу дегенді білмеймін, білгім де келмейді. Содан болар, жекпе-жекте арқам қызып, Уорренді қуалап жүріп сабағым келді. Жекпе-жекте ішімнен шаруаны сол жерде шешу керек деп шештім. Өйткені, менде басқа амал қалмаған еді»,-деді Жанат Жақиянов.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында болашақтағы жоспарларымен бөлісуді ұмытпады.

«Кәсіпқой боксшы болу әлі жоспарда жоқ. Мен қазір жекпе-жектерге қатысып, өзіме тиесілі белбеулерді қорғап қалғым келеді. Алға қойған мақсатыма жетсем жеңіп алған белбеулердің қатары көбейетіні сөзсіз. Сондай-ақ, жаттықтырып жүрген балаларыммен спорт саласындағы тәжірибелермен бөлісемін»,-деп жауап берді ortcom.kz порталының тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 ақпанында АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роши Уорренмен кездесіп, жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат