Брифинг

Жастардың жауы есірткі

19 сәуір 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясында өткізілетін «Есірткісіз әлем үшін» Халықаралық есірткіге қарсы акциясына арналған баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға ШЫҰ Бас Хатшысы Рәшид Әлімов, ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов және ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің аға инспекторы Риза Төлеубаева қатысты.

«Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық акциясы өтті. Халықаралық акцияны өткізу Қазақстанның бастамасы, яғни Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2016 жылғы маусымда Ташкент қаласында өткен Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесі отырысында атап айтқан болатын. Осы бастамамен акция Қытайда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда өткізіледі. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халқы саны 3,5 млрд, бұл планетамыздағы адам ресурсының жартысын құрайды. Астана қаласында мектеп, колледж оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі № 50 орта мектептің базасында 7-11 сынып оқушылары үшін есірткіні тұтыну салдары мен зардаптары туралы онлайн режімінде интерактивтік сабақ. Аталған акцияның ашылу салтанаты «Қазақстан» спорт сарайында өтті. Халықаралық акцияның ашылу барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов, Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінде өткен іс-шараның мақсаты- нашақорлық проблемасы, тәуекел топтар – жастардың арасындағы нашақорлық проблемасын кешенді шешу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге тәуелді адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» деді ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат