Брифинг

Жеке сот орындаушылар саны артып келеді

27 желтоқсан 2016

Биыл мемлекеттік сот орындаушылардың саны 30 пайызға қысқартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт жоспарының 27-қадамы аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрлігі сот актілерін орындау департаменті директорының міндетін атқарушы Ернар Ыбыраев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың қаңтарынан бастап жеке сот орындаушылардың құзіретіне мемлекеттен өндіру, мемлекет пайдасына 1000 АЕК-тен астам (2 млн 120 мың теңгеге жуық) соманы өндіру, мемлекет мүддесін көздейтін жер учаскелерінен қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қоюды қоспағанда, өзге атқарушылық құжаттардың барлық санаттарын орындау берілді.

«Қазіргі таңда жеке сот орындаушылардың саны 1348 тұлғаны құрайды, олардың көмекшілерін қосқанда, жеке сот орындау жұмыстарына 4 мыңға жуық адам жұмылдырылған, – деп атап өтті Е. Ыбыраев. – Биыл мемлекеттік сот орындаушылар саны 30%-ға қысқартылды. Сондай-ақ 2017 жылы олардың 30%-ын және 2018 жылы - 15%-ын қысқарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде 518 мемлекеттік сот орындаушыны қалдыру көзделуде».

Айта кетейік, 2016 жылы жеке сот орындаушылар өндірісінде 2 млн.-ға жуық атқару өндірісі болды, бұл мемлекеттік сот орындаушылардың көрсеткішінен 1,2 млн.-ға артық.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат