Брифинг

Жеке сот орындаушылары жұмыс өнімділігін арттыра түспек

27 желтоқсан 2016

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті Жеке сот орындаушылардың қызметін үйлестіру басқармасының басшысы Нұрғали Андасов мәлім етті.

«Мемлекеттік сот орындаушылары жалақыны бюджеттен алады. Ал жеке сот орындаушылары өздерін өздері қамтамасыз етеді. Сол себепті жеке сот орындаушыларының жұмысы сапалы және мемлекетке салмақ түсірмегендіктен тиімді. Бұл тәжірибені біз Еуропадан, нақты айтсақ, Франциядан алып отырмыз», - деп мәлім етті Нұрғали Андасов.

Сонымен қатар, спикердің айтуы бойынша қазіргі таңда жеке сот орындаушыларының саны 1348 тұлғаны құрайды. Ал мемлекеттік сот орындаушыларының санын жыл сайын қысқарту жұмысы жалағаса бермек. Осының нәтижесінде 2018 жылы 518 мемлекеттік сот орындаушыларын қалдыру көзделген.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат