Брифинг

Канаданың Қазақстандағы бұрынғы елшісі ОСК жұмысына жоғары баға берді

21 наурыз 2016

Канаданың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Маргарет Скок сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлауға әзірлігіне жоғары баға берді. Бұл туралы ол «Есіл» баспасөз орталығында сайлау қорытындыларын талқылауға арналған брифинг барысында мәлімдеді.

«Кеше мен 12 сайлау учаскесінде болдым, ол жерде адамдардың таңертеңнен сәнді киініп, мақтанышпен дауыс бергендерін көріп, тәнті болдым. Мен олардан «сіздер Наурыз мерекесіне арнап әлде сайлауға байланысты осылай сәнді киіндіңіздер ме?» деп сұрадым. Олар маған «аталған екі себепке де байланысты» деп жауап берді. Егде жастағы адамдар да, ересектермен еріп балалар да келді, бүлдіршіндер сайлау бюллетеньдерін дауыс беру жәшігіне салуға көмектесті. Мен бір қарт адамға «Осынау жасқа жеткенде сіз не үшін сайлауға келдіңіз?» деп сұрақ қойдым. Ол жергілікті деңгейде болса да, аймақтық деңгейде болса да сайлау нәтижелеріне өз ықпалын тигзігісі келетінін айтты. Сайлау комиссиясының мүшелерінің дайындығы жоғары болғанын атап өткен жөн, олар өз жұмыстарын тамаша атқарды. Қазақстанда өткен сайлау жақсы ұйымдастырылған, барлығыңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын!», - деді М.Скок.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат