Брифинг

«KEGOC» АҚ ІРІ ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰНЫ 158 МЛРД. ТЕНГЕГЕ ЖУЫҚ

7 желтоқсан 2016

Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ жоғарывольтты электр жеткізетін 500 кВ Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) - Өскемен желілерінің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) - Өскемен жоғарывольтты электр жеткізетін желілері құрылысының І кезеңінң аяқталуы, Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік бағытындағы транзиттік әлеуетті жоғарылату үшін жобаның маңыздылығы жөнінде ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов, ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары Талғат Абылғазы, «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілерін дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов айтып берді.

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруды 2014 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы іске қосқан.

Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы бойынша жоба – Қазақстанның ұлттық электр желілерін дамыту бойынша «KEGOC» АҚ-ның ірі жобасы, жоба құны – 158 млрд. теңгеге жуық.

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру кезеңінде 1860 жаңа жұмыс орны құрылған.

Аталмыш жоба ел экономикасын дамыту үшін өте маңызды. Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары осы уақытқа дейін қолданып келген Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін және өңірді энергия жүйесімен жалғайтын желілерге қарамастан жаңа желілер арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ететілетін болады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан келгенде өте маңызды», – деді ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов.

6 желтоқсанда өңірлермен болған республикалық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «KEGOC» АҚ Басқармасының Төрағасы Бақытжан Кажиевке жаңа жоғарывольтты желілерді пайдалануға енгізуге пәрмен берді.

«KEGOC» АҚ-ның жаңа желілері «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы» (шығыс транзит) 500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін 700 шақырым желілер, сондай-ақ 500 кВ «Семей», 500 кВ «Өскемен» және 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциялары» ірі ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңі аясында пайдалануға ойдағыдай қосылды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат