Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

KEGOC: Қазақстанда жаңа жоғарывольтты желілер салынды

7 желтоқсан 2016
Фото: Арман Мухатов

Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның энергетика саласының дамуы талқыланды.

Еске саламыз, кеше, 6 желтоқсанда өңірлермен болған республикалық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «KEGOC» АҚ Басқармасының Төрағасы Бақытжан Кажиевке жаңа жоғарывольтты желілерді пайдалануға енгізуге пәрмен берді.

«KEGOC» АҚ ұлттық электр желілерін дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов «KEGOC» АҚ 500 кВ Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) - Өскемен жоғарывольтты электр жеткізетін желілері құрылысының мерзімінен бұрын аяқтағанын айтты.

«Бүгінгі күні жобаның бірінші кезеңі бойынша барлық құрылыс және құрастыру жұмыстары табысты аяқталды», - деді ол.

Оның сөздеріне қарағанда, ірі ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңі аясында «KEGOC» АҚ салған жаңа желілер «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік ЖЖ 500 кВ транзитінің құрылысы» (шығыс транзит) 500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін 700 шақырым желілер, сондай-ақ 500 кВ «Семей», 500 кВ «Өскемен» және 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциялары» Шығыс Қазақстанға электр энергиясын жеткізуді солтүстіктегі энергия көздерінен қамтамасыз етеді.

Аталмыш жоба ел экономикасын дамыту үшін өте маңызды. Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары осы уақытқа дейін қолданып келген Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін және өңірді энергия жүйесімен жалғайтын желілерге қарамастан жаңа желілер арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ететілетін болады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан келгенде айрықша маңызды.

«Осы ретте атап өту керек, жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары жоспарланған аяқтау мерзімі 2017 жылдың орнына жұмыс өндірісі кестесінен бұрын аяқталды», - деді Нұржан Исенов.

Бұл жобаны аяқтау бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді – шығыс өңірлерді Қазақстанның БЭЖ-мен байланысын күшейтеді, Солтүстік-Оңтүстік транзитін бекітеді, жаңартылмалы энергия көздері саясаты аясында маңызды шығыс өңірлері өзендерінің гидро мүмкіндікті игеру үшін жағдайлар жасау. Одан бөлек, жобаны жүзеге асыру барысында Ақтоғай энергия торабында болашақта тау-кен өнеркәсібінің келешегі зор қажеттіліктерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 500 кВ «Ақтоғай» қосалқы станциясы салынады. Одан басқа, Ақтоғай - Алматы, Ақтоғай - Достық, Ақтоғай – Мойынты бағыттары бойынша темір жол учаскелерін электрлендіру үшін жағдай жасалады.

Спикер жобаның екінші кезеңі - 500 кВ Шүлбі СЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған –Алма желісінің құрылысы жұмыс өндірісі кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда деп қорытындылады. Екінші кезеңді және жалпы жобаны аяқтау 2018 жылға жоспарланған.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ