Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Кешегі өткен сайлау Қазақстанның саяси кемелділігінің артқанын көрсетті – АҚШ-тан келген бақылаушы

21 наурыз 2016
Кешегі өткен сайлау Қазақстанның саяси кемелділігінің артқанын көрсетті – АҚШ-тан келген бақылаушы

Кешегі өткен сайлау Қазақстанның саяси тұрғыдан кемелділігінің артқанын көрсетті. Бұл туралы АҚШ-тан келген бақылаушы, TheJamestownFoundation аға ғылыми қызметкері В.Сокор Астанада өткен парламенттік сайлау қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлім етті.

«Біз сіздердің қалаңыздағы түрлі аудандардағы 30-дан астам сайлау учаскелерінде болдық. Бізге сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің өкілдерімен учаскелердің ішінде және одан тыс жерде тілдесудің сәті түсті. Біздің пікірімізше, сайлау аса табысты өтті. Күткеніміздей, сайлаушылар дауыстарының 80 пайыздан астамын «Нұр Отан» партиясына беру арқылы өз қалауларын білдірді. Бұл олардың партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенім артып отырғанын білдіреді. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанды ғаламдық және аймақтық дағдарыстан алып шығатын көшбасы», - деген сенімін білдірді В.Сокор.

Ол сонымен қатар ОСК-ның кәсіптік деңгейінің үздіксіз артып келе жатқанын атап өтті.

«Сайлау учаскелеріндегі ішкі, сыртқы ахуал қалыпты жағдайда болды: саяси үрдістің байыптылығы, жұмыстардың қызу жүргізілуі, мұның бәрі Қазақстанның саяси кемелділігінің артқанын көрсетеді», - деп атап көрсетті ол.

Еске салайық, кеше, 20 наурыз күні Қазақстанда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.


Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ